Израильге Голан биіктігін қайтару жөнінде үндеу тасталды - БҰҰ резолюциясы

© AP Photo / Bebeto MatthewsЛоготип ООН
Логотип ООН - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. БҰҰ бас ассамблеясы Израильді сириялық Голан биіктігінен кетуге үндейтін резолюция қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.
Құжатты қабылдауға бас ассмаблеяның 91 мүшесі дауыс берді, 8 адам қарсы шықты, 62 адам үнсіз қалды.
Резолюцияда БҰҰ мүшелері Израильдің ББҰ қауіпсіздік кеңесі мен бас ассамблеясының қабылданған резолюциясына қарамастан 1967 жылы оккупацияланған Голан биіктігінен кетпеуіне алаңдаушылық білдірген.
БҰҰ бас ассамблеясының резолюциясы қауіпсіздік кеңесінің резолюциясына қарағанда міндетті болып саналмайды.
1967 жылы алты күндік соғыс барысында Израиль Сириядан Голан биіктігін тартып алып, оккупациялаған болатын. Ал 1981 жылы бір жақты шешіммен өздеріне қосып алды. Сирия мен Израиль қақтығысының негізгі себебі осы тау үстірті.
Жаңалықтар
0