Алматыдағы өртенген хостелде 12 студент тұрған

© Sputnik/Ертай СарбасовПожар в хостеле Алматы
Пожар в хостеле Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Өрт шыққан хостелдегі 72 адамның 12-сі студент болған. Бұл туралы алматы қалалық жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Азиз Қажданбек айтты.
"Бұл хостелде жалпы 72 адам тұрған, оның 12-сі жоғарғы оқу орындарының студенті. Олар Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ ұлттық медицина университеті, спорт және туризм академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Аллматы энергетика университеті және Каспий университетінің студенттері", - деді Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Азиз Қажданбек.
Ал Алмалы ауданы әкімінің айтуынша, қазір зардап шеккендер баспанамен, тамақпен, киіммен қамтамасыз етілген.
"Қазіргі уаықтта 50 адам 7 күнге дейін жатақханада орналастырды. Барлық шығынды әкімдік төлейді. Ал хостелге төлеген ақшасы қайтарыла ма, жоқ па білмейміз" - деді Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев.
Жаңалықтар
0