Мәдениет

"Қыз Жібек" алғаш рет Парижде көрсетілді

© Sputnik / Dominic Buten / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2023
Жазылу
Франция астанасында қазақ киносының фестивалі өтіп жатыр
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Париж тұрғындары қазақ киносында аты аңызға айналған "Қыз Жібек" фильмін тамашалады, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.
Франция астанасында қазақ киносының фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Осы жолғы фестиваль режиссер Сұлтан Қожықовтың дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналды. Парижге басты рөлді сомдаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова да келді.
"Осында келемін деп ойламап едім. Бір жағынан қуанып отырмын. Бірақ Төлегенімнің жоқтығы жаныма батады. Фильмнің режиссері Сұлтан Қожықов биыл 100 жылдығын атап өтер еді. Туындысы жарты ғасырдан кейін Франция төрінде көрсетіледі деп ойламаған шығар", - дейді Өтекешова.
Азия киносы фестивалінің директоры Жан-Марк Теруанға қазақтың туындысы қатты ұнады.
"Қыз Жібек" – керемет туынды! Ол поэзияға толы. Бұл Орталық Азия киносына тән ерекшелік. Ұлттық нышандардың қолданылуы қатты әсер береді", - деп атап өтті Теруан.
Қазақ киносының бесінші фестивалінде Қыз Жібектен бөлек Бақыт драмасы, "Тау пиязы" комедиясы, Денис Тен сценарийі бойынша түсірілген деректі фильм көрсетіледі. Ал бағдарлама соңында әйгілі "Дос-Мұқасанның" музыкалық фильмінің тұсаукесері өтеді.
Қазақстандық фильмдердің дамып-өркендеуіне қосқан үлесі үшін ВезУльдегі фестиваль дирекциясы атынан отандастарымызға алтын адам мүсіні табысталды.
Шәкен Аймановтың туғанына 108 жыл - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2023
Қазақстандық үш фильм бірден "Азия Оскары" номинациясын жеңіп алды
Жаңалықтар
0