https://sputnik.kz/20231211/oskemende-alty-aylyq-sabi-qyzylshadan-koz-zhumdy-40786056.html
Өскеменде алты айлық сәби қызылшадан көз жұмды
Өскеменде алты айлық сәби қызылшадан көз жұмды
Sputnik Қазақстан
29 қарашада ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Бірақ ауруханаға жатудан үзілді-кесілді бас тартқан 11.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-11T12:34+0500
2023-12-11T12:34+0500
2023-12-11T12:34+0500
шығыс қазақстан
қызылша
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a9e9e25b7724d3dae1e602ab5f1a39a4.jpg
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Өскеменде 6 айлық бала қызылшамен ауырып, көз жұмды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Сәби ата-анасымен бір ай Шымкентте болып, 27 қарашада Өскеменге келген."Қызылшаға қарсы қосымша иммундауға жататын контингентке кіретіндіктен баланы патронаттық медбике мекен-жайына іздеп барған, алайда пәтердің есігі құлыптаулы болған. Бала Шымкенттен қызылшамен ауырып келді. 28 қарашада ата-анасы Өскемен қаласындағы клиникалардың біріне жеке педиатрға өз бетінше жүгінген", - дейді баспасөз қызметі.Ал 29 қарашада ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Бірақ ауруханаға жатудан үзілді-кесілді бас тартқан.Сәби сол күйі беті бері қарамай, 3 желтоқсанда қайтыс болды.Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде барлық емханаларда 21 567 вакцина дозасы бар, яғни жеткілікті мөлшерде қамтылған.Қазіргі күні облыс бойынша 14 жасқа дейінгі 117 бала қызылшамен ауырып жатыр.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
шығыс қазақстан, қызылша
Өскеменде алты айлық сәби қызылшадан көз жұмды
29 қарашада ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Бірақ ауруханаға жатудан үзілді-кесілді бас тартқан
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Өскеменде 6 айлық бала қызылшамен ауырып, көз жұмды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сәби ата-анасымен бір ай Шымкентте болып, 27 қарашада Өскеменге келген.
"Қызылшаға қарсы қосымша иммундауға жататын контингентке кіретіндіктен баланы патронаттық медбике мекен-жайына іздеп барған, алайда пәтердің есігі құлыптаулы болған. Бала Шымкенттен қызылшамен ауырып келді. 28 қарашада ата-анасы Өскемен қаласындағы клиникалардың біріне жеке педиатрға өз бетінше жүгінген", - дейді баспасөз қызметі.
Ал 29 қарашада ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Бірақ ауруханаға жатудан үзілді-кесілді бас тартқан.
"30 қарашада бала жағдайының нашарлауына байланысты шұғыл түрде "Ана мен бала орталығына" жатқызылды. Емдеу шаралары дереу басталды. 2 желтоқсанда науқас жағдайдың нашарлауына байланысты реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды. Қызылшаның ауыр түрі деген диагноз қойылды", - дейді ведомстводағылар.
Сәби сол күйі беті бері қарамай, 3 желтоқсанда қайтыс болды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде барлық емханаларда 21 567 вакцина дозасы бар, яғни жеткілікті мөлшерде қамтылған.
Қазіргі күні облыс бойынша 14 жасқа дейінгі 117 бала қызылшамен ауырып жатыр.