Алматылықтарға тауға шықпауға кеңес берілді

© Photo : предоставлено иеромонахом Аверкием (Беловым)Отшельника навещают пастухи, охотники и прихожане церкви
Отшельника навещают пастухи, охотники и прихожане церкви - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
Жазылу
Алматы қаласында және маңайдағы таулы аймақтарда 13-15 см қар түсті
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таяу күндері қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға кеңес берді.
Қалада 12 желтоқсан күні қалың қар жауып, кей жерлерде тұман түседі.
Тұрғындарға көлікті ағаштың, электр желілері мен басқа да ілулі құрылымдардың астына қоймауға ескерту жасалды.

"112 қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамаңыздар", - делінген хабарламада.

Айта кетері, Алматы қаласында және маңайдағы таулы аймақтарда 13-15 см қар түсті.
Жаңалықтар
0