"Бастау" кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

"Бастау" кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
Бастау кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Алматыда XI Халықаралық "Бастау" студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Bastau DEBUTS бағдарламасында Қалықбек Салықов атындағы жүлдені әрі Гран-приді моңғолиялық режиссер Золяргал Пуревдаштың "Если бы я только мог впасть в спячку" картинасы жеңіп алды.
"Үздік режиссура" жүлдесі - өзбекстандық Шокир Холиков "Воскресенье" фильмі мен иорданиялық Амжад Әл-Рашид "Иншаллах, бала" фильмі;
Қазылар алқасының арнайы жүлдесі - қазақстандық Макс Акбаровтың "Дала" фильмі;
Үздік актер- қырғызстандық Токтосун Азығұлов ("Дитя небес" фильмі);
Үздік актриса - ресейлік Хадижа Батаева ("Клетка ищет птицу");
Қазылар алқасының ерекше аталымы - грузиялық Бек Сихарулидзенің "От жизни к жизни" картинасы;.
Үздік қысқаметражды фильм - "Антисоциал" картинасы (Израиль);
Үздік қысқаметражды деректі фильм - "Сен маған қарайсың ба? " фильмі (Қытай);
Үздік анимациялық қысқаметражды фильм - "Кеселер" (Австралия);
Үздік қысқаметражды көркем фильмі - "Дөңгелек пен шөл дала" фильмі (Иран).
Осы бағдарламада қазылар алқасының арнайы жүлдесі қазақстандық "Дала қорғаушысы" лентасына бұйырды. Ал Ресейдің "Байкал жүрегі" фильмі "ерекше аталым" сыйлығын алды.
"Жыл серпілісі" атты тағы бір арнайы сыйлық Айсұлтан Сейтовтың "Қаш" фильміне табысталды.
BASTAU Docs байқау бағдарламасында Ораз Әбішев атындағы бас жүлде Польшадан келген "Артқы көрініс айнасында" фильміне, ал қазылар алқасының арнайы жүлдесі Румыниядан келген "Екі төңкерістің арасында" деректі жұмысына берілді.
Жаңалықтар
0