Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей армиясы төрт қарсы шабуылды қайтарғанын мәлімдеді

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуБоевая подготовка военнослужащих ВДВ в зоне СВО
Боевая подготовка военнослужащих ВДВ в зоне СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Ресей армиясының "Орталық" әскери тобы Ольшана бағытында төрт бірдей қарсы шабуылды қайтарды. Бұл туралы баспасөз орталығының басшысы Сергей Зыбинский мәлімдеді.
Украина қарулы күштерінің 14-ші және 115-ші шабуылдаушы топтары бірнеше қарсы шабуылды ұйымдастырған. Ресейлік әскер бәрін қайтарды.
"Қарсылас оңтүстік-батыс бағытында кері шегінді", - дейді Зыбинский.
Қарсы шабуылдарды қайтару барысында қарсыластың Степовая Новоселовка, Кисловка мен Бедный Яр жақта минометшілердің үш тобы жойылды. Алты әскери қызметші тұтқынға алынды.
Ал Ресейдің қорғаныс министрлігі кешеден бері 30-дан астам ұшқышсыз аппараттың жойылғанын хабарлады.
"Әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарымен Липецк, Ростов пен Волгоград облыстарының үстімен өтіп бара жатқан 33 ұшқышсыз аппараттар жойылды ", - делінген ресми хабарламада.
Ростов облысының губернаторы Василий Голубевтің айтуынша, шабуыл кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Жаңалықтар
0