Шавкат Рахмонов UFC жекпе-жегінде америкалық қарсыласын екінші раундта жеңді

Шавкат Рахмонов - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2023
Жазылу
29 жастағы Рахмонов бұған дейін ешқашан жеңіліп көрген емес
АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста өтіп жатқан UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды (17-6-1) жеңді.

Жоспарланған үш раундтың екінші раундында Шавкат Рахмонов қылқындыру әдісін сәтті пайдаланып, қарсыласын тізе бүктірді.
Осылайша, қазақстандық файтер мансабындағы 18-ші, ал UFC-дегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді.
Жаңалықтар
0