Жамбыл мен Жетісу облыстарында жолдардың бірнеше учаскесі жабылды

© Photo : Пресс-служба министерства транспорта Казахстана Зимняя дорога
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл мен Жетісу облыстарында республикалық маңызы бар жолдардың екі учаскесі жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Жамбыл облысы:
"Алматы-Ташкент-Термез" тас жолы, Кенен ауылы – Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) - 95 шақырым;
Жетісу облысы:
"Үшарал-Достық" Көктұма станциясы – Достық станциясы (100 шақырым).
"Ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмендеуі, жауын-шашын, боран, екпінді жел, шектеулі көрініс) 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады", - делінген ресми хабарламада. .
Қазіргі кезде республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника шығарылды.
Жаңалықтар
0