Атырау облысындағы жолдарда 250-ден астам автокөлікті полицейлер алып жүрді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2023
Жазылу
Бейнеу және Индер аудандарында 250-ден астам көлік діттеген жеріне полицияның көмегімен жетті
АСТАНА, 18 желтоқсан - Sputnik. 17 желтоқсанда Атырау облысында көктайғақ пен қалың қар салдарынан Құлсары - Бейнеу, Атырау - Индер трассаларында көліктің барлық түріне жол жүруге шектеу қойылды.
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері өткен түні жүргізушілерді ертіп жүрді.
Бейнеу ауданына қарай 105-ке жуық автомобиль, Индер ауданының елді мекендеріне 150-ден астам автомобиль сүйемелденді.
"Құрметті автокөлік жүргізушілері! Ауа райына байланысты өз өміріңізге және басқа адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін ұзақ сапарлардан уақытша бас тартуыңызды сұраймыз", - деп хабарлады полиция департаменті.
Қазақстанда қалың қар мен желдің салдарынан бірқатар өңірде трассалар жабылды. Түркістан және Жамбыл облыстарында жолдарда қар құрсауынан 5 мыңнан астам адам құтқарылды, деп хабарлады 16 желтоқсанда ТЖМ баспасөз қызметі.
Жұма күні Жамбыл облысының әкімдігі қарлы боран мен қатты суыққа байланысты ТЖ режимін жариялады. Аймақта қатты жел мен қардың салдарынан электр желілері үзіліп, 9 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды.
Жаңалықтар
0