Тоқаев Қытай төрағасына көңіл айтты

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды резиденции президента Казахстана - Акорды
Виды резиденции президента Казахстана - Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2023
Жазылу
Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты.
"Еліңіздің Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте Сізге және табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айта отырып, Қытай халқының қайғы-қасіретіне қазақстандықтар ортақ екенін жеткіземін", – деп жазылған жеделхатта.
Тоқаев зілзала кезінде зардап шеккен жандар тез арада сауығып, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.
Жаңалықтар
0