БҰҰ Бас ассамблеясы нацизмді дәріптеуге қарсы күрес туралы қарарды қабылдады

© AP Photo / AP Photo / Mary Altaffer, FileБіріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің тулары
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. БҰҰ Бас ассамблеясы нацизмді дәріптеуге қарсы күрес туралы Ресей қарарын қабылдады.
Оны бұған дейін Бас Ассамблеяның Үшінші комитеті мақұлдаған болатын.
Резолюцияға 118 ел дауыс берді, 49-ы қарсы болды, 14-і қалыс қалды.
Ресей, Қытай және Израиль жақтап дауыс берді.
АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Жапония, Украина, Франция, Канада, Австралия, Австрия, Албания, Бельгия, Эстония, Чехия, Финляндия, Грузия, Венгрия, Ирландия, Латвия, Литва, Черногория, Нидерланды, Норвегия, Польша, Молдова, Словения, Испания, Швеция және т.б қарсы болды.
Құжат елдерге Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы мен нәтижелерін қайта қарауға және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жасалған адамзатқа қарсы қылмыстарды жоққа шығаруға жол бермеу үшін адам құқықтары жөніндегі халықаралық міндеттемелерге сәйкес заңнамалық және білім беруді қоса алғанда, тиісті нақты шараларды қабылдауды ұсынады.
Жаңалықтар
0