Батыс Қазақстанда ірі газ конденсаты кен орны пайдалануға берілді

© Үкіметтің баспасөз қызметіҚазақстанда "Рожковское" кен орнында газ өндіру басталды
Қазақстанда Рожковское кен орнында газ өндіру басталды
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
Жазылу
2040 жылға дейін мұнда 14,2 млрд текше метр шикі газ және 7,1 млн тонна конденсат өндіру жоспарланып отыр
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында "Рожковское" ірі газ конденсаты кен орны өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Премьер-министр Әлихан Смайылов телекөпір режимінде табиғи газ және конденсат өндіру жобасын іске қосу рәсіміне қатысты.
Газ конденсаты кен орны 2008 жылы кең ауқымды геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде ашылды. 2040 жылға дейін мұнда 14,2 млрд текше метр шикі газ және 7,1 млн тонна конденсат өндіру жоспарланып отыр. "ҚазМұнайГаз" (50%), мажарстандық MOL Group (27,5%) және қытайлық Sinopec (22,5%) компаниялары кіретін бірлескен кәсіпорын жер қойнауын пайдалану құқығына ие. Бүгінгі таңда шамамен $534 млн инвестицияланды.
"Рожковское" кен орнын игеру арқасында Ұлттық қор 501 млрд, жергілікті бюджет 110 млрд теңгеге толығады деп күтілуде. Бұдан басқа акционерлер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кемінде 3,1 млрд теңге бөлуді, сондай-ақ жыл сайын келісім-шарттағы міндеттемелер аясында қазақстандық кадрларды оқытуға инвестициялар сомасының 1%-ын арнауды жоспарлап отыр.
© Үкіметтің баспасөз қызметіҚазақстанда "Рожковское" кен орнында газ өндіру басталды
Қазақстанда Рожковское кен орнында газ өндіру басталды
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
Қазақстанда "Рожковское" кен орнында газ өндіру басталды
Премьер-министр бұл жобаның стратегиялық маңызы зор екенін айтты. Ол мемлекет басшысының жаңа газ кен орындарын барлау және игеру жұмыстарына инвестиция тарту туралы тапсырмасын орындау аясында іске асып жатыр.
"”Рожковское” кен орны қосымша табиғи газ көзіне айналады. Кен орнында өндірілетін шикізат “Жайықмұнай” компаниясында өңделетін болады. Аталған жоба шетелдік компаниялармен серіктестікте жүзеге асырылып отыр, ол қажетті жобалық шешімдерді дайындау мен қолдану барысында озық халықаралық тәжірибені қолдануға мүмкіндік берді", — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы орта мерзімді перспективада "Орталық Өріктау" (Ақтөбе облысы), "Батыс Прорва" (Атырау облысы) және "Қаламқас" (Маңғыстау облысы) сияқты тағы бірнеше газ жобасы іске қосылатынын айтты.
"Олардың барлығы жылына 2 млрд текше метрден астам қосымша газ көлемін өндіруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа халықаралық компаниялармен бірлесіп, 12 перспективалық геологиялық барлау жобасы, сондай-ақ қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау жобалары пысықталып жатыр", — деді премьер-министр.
© Үкіметтің баспасөз қызметіҚазақстанда "Рожковское" кен орнында газ өндіру басталды
Қазақстанда Рожковское кен орнында газ өндіру басталды
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
Қазақстанда "Рожковское" кен орнында газ өндіру басталды
Үкімет басшысының сөзінше, халық саны мен өнеркәсіптің өсуі газ ресурстарын және оны өңдеу қуаттарын арттыруды талап етеді.
"Мемлекет басшысы 2030 жылға қарай тауарлық газ өндірісінің көлемін 30 млрд текше метрге дейін жеткізу бойынша мақсат қойды. Осыған байланысты “Қашаған” және “Қарашығанақ” кен орындарында, сондай-ақ “Жаңаөзен” қаласында жаңа газ өңдейтін зауыттар салынады", — деді Әлихан Смайылов.
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев өткен жылдың қазан айында энергетика саласын дамыту жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы тауарлық газ өндірісінің көлемін ұлғайтуды тапсырғанын еске салды.
"Мамыр айында “Оңтүстік Ақсай”, желтоқсан айының басында “Шығыс Өріктау” кен орнын іске қостық. Осы жылды “Рожковское” кен орнын пайдалануға бере отырып қорытындылаймыз. Жоба Батыс Қазақстан облысының әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді. Жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамту үлесі 74%-дан төмен болмады", — деді ол.
Іс-шара барысында телекөпір режимінде MOL Group вице-президенті Жомбор Мартон (Будапешт қаласынан) және Sinopec International Petroleum Exploration & Production Corporation басқарма төрағасы Гу Юэлян (Бейжің қаласынан) сөз сөйледі.
Жомбор Мартон "Рожковское" кен орнын игеруге дайындық сапалы және уақытылы жүргізілгенін атап өтті.
"Біздің компаниялар тиімді түрде бірлесіп жұмыс істеудің дұрыс жолдарын тапты. Бұл аталған кен орнының әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Әлі алда жұмыс көп. Осы жаңа кезеңге қазақстандық және қытайлық серіктестерімізбен бірге қадам басқанымызға өте қуаныштымыз, олардың кәсібилігіне сенім арта аламыз", — деді MOL Group вице-президенті.
Өз кезегінде Го Юэлян Қазақстан үкіметіне осындай маңызды жобаны іске асыруда қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
"Біздің компанияның өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары стандарттарды сақтай отырып, осындай кен орындарын игеруге қажетті білімі мен тәжірибесі бар. Жұмыстарды жүргізу кезінде осыған басымдық беріледі", — деді ол.
Жаңалықтар
0