Өңірлер

Қызылорда қаласында ерекше аялдама ашылды – видео

© Photo : ҚР ТЖМ ресми сайтыҚызылордадағы өрт сөндірушілер аялдамасы
Қызылордадағы өрт сөндірушілер аялдамасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
Жазылу
Өрт сөндірушілер аялдамасында Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі де көрсетілген
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда қаласының тұрғындары енді автобусты өрт сөндірушілер аялдамасында күтеді.
Бұл аялдама – қызылордалық өрт сөндіруші- құтқарушылардың екінші креативті жобасы, деп хабарлайды облыстық ТЖД.
Өрт сөндіргіш құралы бейнеленген аялдама Жеңіс көшесінің бойында орналасқан. Бұған дейін қала аумағындағы М. Саламатов көшесінде өрт сөндіру автокөлігінің кабинасы бейнеленген аялдама пайдалануға берілген еді.
"Қазір аялдама көптің қызығушылығын тудырып қана қоймай, оқушыларға, тіпті автокөлік жүргізушілеріне де өрт қауіпсіздігі қағидаларын насихаттауда. Сонымен бірге бұл аялдамада Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі де көрсетілген", - делінген хабарламада.
ШҚО-да өртке қарсы аялдама пайда болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2023
Шығыс Қазақстанда ерекше аялдама пайда болды
Жаңалықтар
0