Air Astana-ға билет алып, Fly Arystan-мен ұшқан жолаушыларға өтемақы төленеді

© Photo : Пресс-служба "Эйр Астана" Эйр Астана ұшағы
 Эйр Астана ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2023
Жазылу
Air Astana басшылығына резервтік әуе кемелерінің санын 1-ден 2-ге дейін ұлғайту жөнінде тапсырма берілді
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Air Astana әуекомпаниясы ұшақты Fly Arystan әуе кемесіне ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төленуге тиіс. Бұл туралыкөлік вице-министрі Талғат Ластаев "Air Astana" АҚ-мен жұмыс кеңесінде айтты.
Көлік министрлігінің мәліметінше Air Astana әуекомпаниясының әуе кемелерін жолаушыларға алдын ала ескертпестен Fly Arystan ұшақтарынаауыстыру жағдайы көбейген.
"2023 жылдың өткен кезеңінде Air Astana әуе компаниясы 31 588 рейсті орындады, оның ішінде 226 рейсте Air Astana әуекомпаниясының әуе кемелері Fly Arystan әуе кемелеріне ауыстырылды, бұл орындалған рейстердің жалпы санының 0,7%-ын құрайды", - деп жазылған хабарламада.
Кеңес нәтижесінде Air Astana әуекомпаниясына бірқатар тапсырма берілді:
Air Astana әуе кемелерін "Fly Arystan" әуе кемелеріне ауыстыру практикасын барынша азайту жөнінде шаралар қабылдау;
әуе кемелерін ауыстырған жағдайда жолаушыларды алдын ала хабардар ету бойынша жұмысты орнату және қамтамасыз ету;
әуе кемені ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Air Astana резервтік әуе кемелерінің санын 1-ден 2-ге дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауы керек.
Жаңалықтар
0