"Хан шатыр" сауда және ойын-сауық орталығынан өрт шықты

© Sputnik / Абзал КалиевХан Шатыр, архивтегі фото
Хан Шатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2023
Жазылу
Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше зардап шеккендер жоқ
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Астанада "Хан шатыр" сауда және ойын-сауық орталығында трансформаторлық қосалқы станса өртенді, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"23 желтоқсанда сағат 14:00-де Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Тұран даңғылы, 37 мекенжайында орналасқан "Хан шатыр" сауда және ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге шығып кетті. 10 кВт-қа шақталған трансформаторлық қосалқы станса мен 0-қабаттағы кабель шахтасынан өрт шықты", - делінген хабарламада.
Қалалық ТЖД мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
66 адам және 14 техника өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Алматы қаласының ТЖД Жаңа жылдық мерекелердегі өрттердің 20 пайызға жуығы пиротехникалық заттардан болатынын хабарлаған болатын.
Кейінгі 5 жылда қалада 67 рет өрт шығып, оның 9-ына пиротехникалық заттар себеп болған.
Жаңалықтар
0