Білім

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі шықты

© Photo : Официальный сайт президента РКВыпускники Назарбаев Университета
Выпускники Назарбаев Университета - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2023
Жазылу
Жалпы конкурсқа 1677 адам қатысты
АСТАНА, 26 желтоқсан - Sputnik. Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша белгіленді. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 50 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 1677 адам қатысты.
Болашақ магистранттардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынақабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Магистратура бойынша мемлекеттік білімгранттары иегерлерінің тізімі мына жерде.
Жаңалықтар
0