Әділетті экономикалық тәртіпке қарай қозғалысты тоқтату мүмкін емес – РФ СІМ

© Sputnik / Кристина Кормилицына / Медиабанкке өтуСергей Лавров
Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. АҚШ өзінің адал бәсекелестік қағидаларын өздері бұзып жатыр, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселевке берген сұхбатында. Дегенмен әділетті экономикалық тәртіпке қарай қозғалысты енді тоқтату мүмкін емес.
Лавров америкалық долларды "ішкі істерге араласу құралы" деп атады.
"Әсер ету құралына, түрлі аймақтардағы елдердің заңды бәсекелестік ұстанымдарына нұқсан келтіретін құралға және ішкі істерге араласу мен режимді өзгерту құралына айналып бара жатқан доллардан бәрі шаршады", - деді ол.
Сонымен қатар Лавров арнайы әскери операция және Батыспен санкциялық текетірестің аясында Ресейге қатысты әлемде әділ көзқарас қалыптастыру Ресей дипломатиясының алдағы жылдағы міндеті екенін айтты.
Жаңалықтар
0