Оқиға

Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 5 адам жансақтау бөліміне түсті

© Photo : ДЧС Атырауской областиПять человек находятся в реанимации из-за взрыва газа в Атырау
Пять человек находятся в реанимации из-за взрыва газа в Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2024
Жазылу
Барлығы – бір отбасының мүшелері
АЛМАТЫ, 3 қаңтар – Sputnik. Атырауда тұрғын үйлердің бірінде газ ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Салдарынан бес адам жансақтау бөліміне түсті. Барлығы – бір отбасының мүшелері. Оқиға 2 қаңтарда болған.
"Көкнәр ауылы Көкарна көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар газ ауа қоспасы жарылғанын анықтады. Салдарынан 140 шаршы метр тұрғын үй өртенген", - дейді ведомство.
Өртті сөндіруге 16 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0