Дерекқор

Қазақстанда "Еурохаттама" енгізілді – жол апатын полициясыз рәсімдеудің тәртібі

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуДорожный знак внимание, ДТП
Дорожный знак внимание, ДТП - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Жаңа жылдан бастап Қазақстанда сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі енгізілді. Оның атауы - "Еурохаттама". Осы хаттамаға сәйкес, жол апатын полициясыз жылдам рәсімдеп, сақтандыру төлемдерін алуға болады. Sputnik Қазақстан жаңа жүйені қолдану тәртібін ұсынады.

Еурохаттаманы қалай рәсімдейді

Жаңа қызметті пайдалану үшін алдымен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры әзірлеген Europrotocol мобильді қосымшасын жүктеу керек. Жол апатына түскен екі жүргізуші де тіркелуі шарт.
Жол апатын рәсімдеу тәртібі:
қосымшаданөтініш беру (апатқа кінәлі адам бірінші болып өтініш жебіреді, одан кейін жәбірленуші толтырады);
барлық деректі енгізу;
жол апаты болған күнді және жерді көрсету (геолокацияны қосу);
көлік туралы мәліметтерді енгізу;
көлікті төрт жағынан суретке түсіру (мемлекеттік тіркеу нөмірі көрінуі керек);
зақымдалған жерді көрсету;
құжаттарды суретке түсіру.
Өтініштің тіркеу нөмірі көрсетілген хабарлама келмейінше оқиға орнынан кетуге болмайды. Әйтпесе, өтініш тіркелмей қалады. Апатқа кінәлі және зардап шеккен адам жіберген өтініштердің мәртебесі жасыл түспен шығып тұруы қажет. Бұл тіркеудің сәтті өткенін көрсетеді. Осыдан кейін апат туралы декларацияны жүктеп, оқиға орнынан кете беруге болады.
Осы орайда маңызды бір мәселені ескеру керек, жол апатына түскен жүргізушілердіңбіреуінде сақтандыру полисі болмаса, жол полициясын шақыруға тура келеді.

Шығынның мөлшері нақты сомадан аспауы қажет

Еурохаттаманіңміндетті шарттары бар. Оны орындамаса, жол апатын жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеу мүмкін емес. Негізгі шарттары:
Жол апатына түскен жүргізушілердіңмобильді нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелуі;
2024 жылға зардап шеккен тараптың көлігін жөндеу сомасының 369 мың теңгеден аспауы;
азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келмеуі;
жол апатының салдарытек көліктердіңғана зақымдануы;
жол апатына түскен жүргізушілердің екеуінде де қолданыстағы міндетті автосақтандыру полистерінің болуы;
көлік жүргізушілерінің арасында жол апатына қатысты келіспеушіліктердің болмауы.
Еурохаттаманың негізгі артықшылығы сол, жол апатын 15 минуттың ішінде рәсімдеуге болады. Полиция шақырудың қажеті жоқ. Сақтандыру компаниясына да ешкім бармайды. Ал барлық төлем 6 күннің ішінде жасалады.

Үш күннің ішінде қанша өтініш түсті

Бірінші кредиттік бюроның мәліметіне сәйкес, 1 қаңтардан бері үш күннің ішінде "Еурохаттама" жобасы бойынша жол апаттарын онлайн тіркеуге 1099 өтініш келіп түсті.
"6 өтініш" тіркелді" деген мәртебе алды, яғни екі көлік жүргізушісі де өз қолын қойды, өтініш бірыңғай сақтандыру деректер базасына жіберілді", - дейді бюро мамандары.
Бұдан бөлек, 385 өтініш толтыру сатысында болса, 33-і бірінші жүргізушінің, тағы 12-сі екінші жүргізушінің қол қоюын күтуде. Ал өтініштердің шамамен 60%-ке жуығын қолданушылардың өздері әртүрлі себептермен, соның ішінде қызметпен енді танысып жатқандықтан бас тартқан.
Жаңалықтар
0