Өңірлер

Рудныйда полицейді көлігінің капотында сүйреген жүргізуші сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2024
Жазылу
Полиция қызметкері мүгедектігі бар адамдарға арналған тұраққа көлігін қойған жүргізушіге ескерту жасаған
АЛМАТЫ, 6 қаңтар - Sputnik. Рудный тұрғыны полицейді көлігімен қасақана қаққаны және сүйрегені үшін қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізуші билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған пробациялық бақылауда 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Оқиға 22 желтоқсанда Рудный қаласында болған.
Toyota жүргізушісі мүгедектігі бар адамдарға арналған тұраққа көлігін қойған. Заңбұзушылықты байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасайды. Алайда ер адам ашуланып, оқиға орнынан қашпақ болған. Сөйтіп полицейді қасақана қағып, көліктің капотында 50 метрдей сүйреген, содан кейін қашып кеткен.
Мигалки на полицейской машине - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Қызылорда облысында жүргізуші көлігімен полиция қызметкерлерін сүйреп кетті
Жаңалықтар
0