"Үш мектеп ашылды": Астанада 2028 жылға дейін 80-нен астам мектеп салынады

© Photo : акимат Павлодарской области/Валерий БугаевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Астанада үш жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Үшінші тоқсаннан бастап елордада тағы үш мектеп ашамыз. Бұл Тұран даңғылы мен №24 көшесі бойындағы 2400 оқушыға арналған (2 ауысымда), №5 мектеп аумағындағы 1200 орындық жаңа ғимарат (2 ауысымда), Зерде дарынды балаларға арналған Тұран даңғылы ауданындағы мектеп (Барыс аренасының артқы жағында) ", - деді елорда әкімі.
Осылайша, оқу жылының басынан бастап 11 мектеп салынды. Биылғыоқу жылының соңына дейін тағы 4 мектеп ашылады.
Әкім қаланы аралау барысында оқу орындарын сапалы және мерзімінде салуды тапсырды.
"Жайлы мектеп"ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық оқушы орнына арналған (2 ауысымда) жаңа форматтағы 24 мектеп саламыз. Мысалы, олардың 15-і Есіл мен Нұраның қарқынды дамып келе жатқан аудандарында орналасады", - деп толқтырдыҚасымбек.
Оның айтуынша, әкімдік2027-2028 жылдарға дейін 200 мыңға жуық оқушы орнына арналған (2 ауысымда) 80-нен астам мектеп салуды жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
0