https://sputnik.kz/20240109/astanada-qurylysy-ayaqtalmagan-10-turgyn-uy-paydalanuga-beriledi-41441014.html
Астанада құрылысы аяқталмаған 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі
Астанада құрылысы аяқталмаған 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі
Sputnik Қазақстан
500-ге жуық үлескер отбасы баспаналы болады 09.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-09T11:51+0500
2024-01-09T11:51+0500
2024-01-09T11:51+0500
елорда тынысы
астана
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e7/01/09/30966442_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_6fe5907dedbf41def5b3d9b6c2dbb898.jpg
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Астанада биыл құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерінің соңғы бөлігі аяқталады. Бұл туралы қала басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.Қала басшысы "Араби 2 - Гранитный 2", "Арыстан, 4-блок" мен "Future home" нысандарының құрылыс барысымен танысты. Осы тұрғын үй кешендері 12 жылдан бері тапсырылмай жатыр.2023 жылы қалада құрылысы ұзаққа созылған 32 тұрғын үй кешені болған. Сол кезде 22 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды."Биыл 10 үй қалды, олардың құрылысы осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқталады. Осылайша, қалған 500-ге жуық үлескер отбасы баспаналы болады. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысы мемлекет басшысының тікелей бақылауында", - деп атап көрсетті Астана әкімі.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/09/30966442_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_add9d8a6fb8b9b1eb7b35c1e9ef79bd8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
астана, тұрғын үй
Астанада құрылысы аяқталмаған 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі
500-ге жуық үлескер отбасы баспаналы болады
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Астанада биыл құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерінің соңғы бөлігі аяқталады. Бұл туралы қала басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Қала басшысы "Араби 2 - Гранитный 2", "Арыстан, 4-блок" мен "Future home" нысандарының құрылыс барысымен танысты. Осы тұрғын үй кешендері 12 жылдан бері тапсырылмай жатыр.
"Мысалы, "Араби 2 - Гранитный 2" тұрғын үй кешені 2013 жылы проблемалық нысан деп танылған. Мұнда 200-ге жуық отбасы баспанасын күтіп жүр. "Future home" тұрғын үй кешенінің құрылысы да 2013 жылы басталған. Нысанды Елорда құылыс компаниясына беру кезінде 4 және 7 қабаттар ғана салынған", - дейді Қасымбек.
2023 жылы қалада құрылысы ұзаққа созылған 32 тұрғын үй кешені болған. Сол кезде 22 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды.
"Биыл 10 үй қалды, олардың құрылысы осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқталады. Осылайша, қалған 500-ге жуық үлескер отбасы баспаналы болады. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысы мемлекет басшысының тікелей бақылауында", - деп атап көрсетті Астана әкімі.