Футболдан әлем чемпионы Беккенбауэр 78 жасында дүниеден өтті

© JOHN MACDOUGALLФранц Беккенбауэр
Франц Беккенбауэр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2024
Жазылу
Франц Беккенбауэр "Алтын допты" екі рет иеленді
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. 1974 жылғы футболдан әлем чемпионы неміс Франц Беккенбауэр жексенбі күні 78 жасында қайтыс болды.
Беккенбауэр әлем чемпионатынан басқа Еуро-1972 додасының жеңімпазы атанды. Мюнхендік "Баварияның" қорғаушысы төрт рет Германия чемпионаты мен кубогын, үш рет Еуропа чемпиондары кубогын (қазіргі атауы - Чемпиондар лигасы) жеңіп алды, Кубоктар иегерлері кубогын және құрлықаралық кубокты иеленді.
Беккенбауэр екі дүркін "Алтын доп" иегері.
Бас бапкер ретінде Беккенбауэр 1990 жылғы әлем чемпионатын жеңіп, 1986 жылы күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ оның жетекшілігімен "Бавария" Германия чемпионаты мен УЕФА кубогын, ал "Марсель" Франция чемпионатын ұтты.
Жаңалықтар
0