Сенаторлар Қазақстан тарихы оқулықтарын жаңартуды ұсынды

© Sputnik / Болат ШайхиновУчебники
Учебники - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Жазылу
Биыл Қазақстан тарихының көптомдығын шығару жоспарланып отыр
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Сенаттың бір топ депутаты Қазақстан тарихы оқулықтарын жаңартуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл Қазақстан тарихының көптомдығын шығару жоспарланып отыр.
"Бұл еңбек Жошы ұлысына қатысты тың деректерді ұсынады деп үміттенеміз. Мектеп оқулықтары осы көптомдықтың негізінде қайта жазылғаны абзал. Онда Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс. Сонымен қатар оқулықтарға қазақ мемлекеттілігінің бастаулары туралы деректерді енгізу керек", - деді Дархан Қыдырәлі сенаттың жалпы отырысында.
Осы орайда депутат қазіргі оқулықтарда кейбір тарихи оқиғалардың тым қысқа көрсетілгенін ерекше атап өтті. Мәселен, 6-7 сыныптарға арналған оқулықта Талас құрылтайы өткен Жетісу мен Сыр арасында құрылған Моғолстан мемлекетіне бір параграф, ал 10-шы сыныпқа арналған оқулықта төрт-бес жол ғана арналған.
"Ал осы Моғолстан жерінде Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі. Бір айта кетерлігі, жоғары оқу орындарындағы мамандықтарға қазақ тарихы пәнінің енгізілгені құптарлық. Осы пәнді методологиялық бірізділікке келтіріп, мемлекетіміздің бастауларына басымдық берілгені жөн", - деп атап көрсетті депутат.
Бір топ сенатор үкімет басшысына депуаттық сауал жолдап, осы мәселелерді шешуді сұрады.
Айта кетері, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылда болатын негізгі шараларды жарияланған болатын. Президент "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында биыл Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл толатынын атап өткен еді.
Фотолента в честь Дня столицы-лучшие фото Влада Воднева с выставки - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2024
Тоқаев 2024 жылдың негізгі шараларын белгіледі
Жаңалықтар
0