Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2024
Жазылу
Мектеп медбикесі спорт залға жылдам жетіп, алғашқы көмек көрсеткен
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға 11 қаңтар сағат 11:00-де болған.
"№48 жалпы орта мектебінде дене шынықтыру сабағы кезінде 2010 жылы туған 8 "А" сынып оқушысы есінен танып құлаған. Мектеп медбикесі спорт залға жылдам жетіп, алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған", - дейді ведомство.
Шақыруға келген жедел жәрдем қызметкерлері екінші арнайы шұғыл жәрдем шақырған. Алайда ол келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болған. Қазіргі таңда құзырлы органдар тергеуді бастады.
Оқушының әкесі жеке жүргізуші, анасы колледжде мұғалім. Отбасында 1 қыз, 2 ұл бар. Марқұм оқушы үйдің ортаншы баласы.
Жақында тағы бір оқушы мектепте қайтыс болды. Оқиға Ақтөбеде болған.
Жаңалықтар
0