Шығыс Қазақстанда 1200-ден астам отбасы қар құрсауында қалды

© SputnikШығыс Қазақстанда бірнеше ауыл қар құрсауында қалды
Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл қар құрсауында қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Жазылу
Бір аптадан бері 9 елді мекеннің жолын қар басып тұр
АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы аумағында 1200-ден астам отбасы қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
© SputnikШығыс Қазақстанда бірнеше ауыл қар құрсауында қалды
Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл қар құрсауында қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл қар құрсауында қалды
Бірнеше күн бойы жауған қардан үй біткен көрінбей қалған. Ал Шанақатты ауылы электр жарығынсыз қалды.
"Марқакөл мен Төсқайың арасындағы 91 шақырымда жол жоқ. Ауа райының өзгеруіне байланысты сулы қар жауып, техниканың жүруін тіпті қиындатып тұр. Ауыр шынжыр табанды екі техника жұмыс істеп жатыр. Қосымша техникалар жіберілді", - деді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Әзімбаев.
Марқакөл мен Төсқайың арасында 6 ауыл бар. Ал Қарой-Қайнарлы бағытында да бір аптадан бері жол жабық тұр. Мұнда бір КА-700 бен қосымша тағы бір техника жұмыс істеп жатыр.
© SputnikШығыс Қазақстанда бірнеше ауыл қар құрсауында қалды
Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл қар құрсауында қалды - Sputnik Қазақстан
1/2
Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл қар құрсауында қалды
© SputnikШығыс Қазақстанда бірнеше ауыл қар құрсауында қалды
Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл қар құрсауында қалды - Sputnik Қазақстан
2/2
Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл қар құрсауында қалды
1/2
Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл қар құрсауында қалды
2/2
Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл қар құрсауында қалды
"Әкімдер мен ауыл кәсіпкерлері де жол ашу үшін сол жерде жүр. Жұмысшыларға ыстық тамақ беріліп жатыр. Екі жол да облыстық маңызы бар жолдар. Сол себепті облыстан қосымша техника жіберіп жатыр. Жалпы техникалар біртіндеп келіп жатыр. Ал электр жарығынсыз қалған ауылға жақын арада жарық беріледі", - дейді Қайрат Әзімбаев.
Жаңалықтар
0