Шығыстың бір ауданында төтенше жағдай жарияланды: азық-түлік тікұшақпен жеткізіліп жатыр

© Шығыс Қазаеқстан облысы төтенше жағдайлар департаментіШығыс Қазақстан облысы Күршім ауданыда төтенше жағдай жарияланды
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданыда төтенше жағдай жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2024
Жазылу
7 қаңтардан бері Күршім ауданында қар мен боран үдеп тұр. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 2 метрге жетті
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Аудандағы ауылдардың 1200-ден астам тұрғыны қар құрсауында қалды. Тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
© Шығыс Қазаеқстан облысы төтенше жағдайлар департаментіШығыс Қазақстан облысы Күршім ауданыда төтенше жағдай жарияланды
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданыда төтенше жағдай жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2024
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданыда төтенше жағдай жарияланды
7 қаңтардан бері Күршім ауданында қар мен боран үдеп тұр. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 2 метрге жетті. Марқакөл және Төсқайың ауылдық округтерінің елді мекендері көлік қатынасынан ажырап қалды.
"Қардың шамадан көп жауып, боран болғандықтан елді мекендерге көлік қатынасы тоқтап қалды. Күршім ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады", - деп жазды ведомство.
Аудандағы 9 ауылға бір аптадан бері көлік қатынай алмай қалды. Шанақатты ауылында электр жарығы өшіп қалған.
© Шығыс Қазаеқстан облысы төтенше жағдайлар департаментіШығыс Қазақстан облысы Күршім ауданыда төтенше жағдай жарияланды
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданыда төтенше жағдай жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2024
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданыда төтенше жағдай жарияланды
"Жолды ашуға қосымша техника жөнелтілді. Қазіргі уақытта арнайы техниканың 24 бірлігі жұмылдырылған. Алайда боранға байланысты жұмыс істеу қиындап тұр. Күршім ауданына қажетті көмек көрсету үшін ШҚО бойынша ТЖ департаментінің жоғары өтпелі техникасы келді", - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жергілікті биліктің айтуынша, қар сулы, бұл тазарту жұмыстарын қиындатып тұр. Марқакөл және Төсқайың ауылдық округтері мектептерінің оқушылары 8 қаңтардан бастап қашықтан оқып жатыр.
Жаңалықтар
0