Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қанша

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2024
Жазылу
Елімізде 2 млн 344 мың зейнеткер бар
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері жарияланды, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы республикалық бюджеттен 2,3 млн адамға 3,3 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 трлн 16,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 297,4 млрд теңге бөлінді.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді жыл сайынғы индекстеу шеңберінде ынтымақты зейнетақының өсуі 10,5 %-ды құрады. Сондай-ақ, ең төмен күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері ұлғайтылды.
"2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 744 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 82 868 теңге, базалық зейнетақы – 37 876 теңге", - делінген хабарламада.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 2 млн 344 мың зейнеткер бар.
Жаңалықтар
0