Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Мәскеуде Қаңтар оқиғасы туралы фильм көрсетілді

© Photo : Скриншот видео YouTube / PTRKKZКадр из документального фильма "Қаңтар қасіреті" телерадиокомплекса президента Казахстана
Кадр из документального фильма Қаңтар қасіреті телерадиокомплекса президента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2024
Жазылу
Іс-шараға қонақ болып Ресей Федерациясы президенті әкімшілігінің, РФ сыртқы істер министрлігінің, ҰҚШҰ хатшылығының өкілдері, ресейлік танымал ғалымдар, сарапшылар мен журналистер барды
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақстан павильонында қайғылы оқиғаның екі жылдығына орай түсірілген "Қаңтар. Мемлекеттік төңкеріс әрекеті. Оқиға қалай өрбіді" деректі фильмі көрсетілді, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Фильмде сол күндері ел қалаларындағы жағдайдың қалай дамығаны, қандай маңызды шешімдер қабылданғаны, дағдарыстан қалай шыққаны баяндалады.
Авторлар барлық жайлар мен фактілерді, құжаттарды, фотосуреттерді, бейнежазбаларды және куәгерлердің жазбаларын зерттеп, талдап көрсеткен.
Көрсетілім алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Қаңтарды елдегі маңызды өзгерістердің катализаторы, сондықтан сол күндердің оқиғаларын объективті және бейтарап түсінудің маңызы зор екенін айтты.
"Біз фильмді сарапшылар мен жалпы жұртшылық осы тақырыпқа қызығушылық танытатын елде көрсетуді жөн санадық", – деп атап өтті елші.
Іс-шараға қонақ болып Ресей Федерациясы президенті әкімшілігінің, РФ сыртқы істер министрлігінің, ҰҚШҰ хатшылығының өкілдері, ресейлік танымал ғалымдар, сарапшылар мен журналистер барды.
"Олардың пікірінше, Қазақстанның қандай тұңғиықтың шегінде тұрғаны және республика басшылығының нақты әрекеті болмағанда трагедияның ауқымы қандай болатыны фильмді көргеннен кейін белгілі болады", - делінген ведомство хабарламасында.
ҰҚШҰ Біріккен штабының бұрынғы басшысы Александр Студеникин Ұжымдық бітімгершілік күштерінің оқу-жаттығулары барысында жинақталған тәжірибе ұйым жұмысында оң рөл атқарғанын атап өтті.
Ұлттық зерттеу университеті Экономика жоғары мектебінің бас сарапшысы Вячеслав Иванов Ресейдің орын алған қайғылы оқиғаларды жіті қадағалап отырғанын және жағдайдың бейбіт жолмен шешілуіне үміт артқанын еске салды. Оның ойынша, берері мол фильмді қалың көрерменге көрсету керек.
Жаңалықтар
0