Қазақстан Африка елдеріне балаларды асырап алуға бермейді – СІМ

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание министерства иностранных дел РК В Астане
Здание министерства иностранных дел РК В Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2024
Жазылу
1999-2011 жылдар аралығында асырап алынған балалар туралы ақпарат жоқ деген ақпарат шындыққа жанаспайды
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді.
"Тоқсаныншы жылдары бізге балаларды тек батыс елдерінің өкілдеріне беру туралы талап қойылды", - дейді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.
Сонымен қатар министрлік 1999-2011 жылдар аралығында асырап алынған балалар туралы ақпарат жоқ деген мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын айтты. Қазір 18 жасқа дейінгі 1993 бала консулдық есепте тұр.
Бұған дейін депутат Дархан Қыдырәлі 1999-2011 жылдар аралығында (барлығы 8800) шетелдіктер асырап алған балалар туралы деректер жоқ екенін айтқан.
"2014 жылы еліміздің Бас прокуратурасы шетелге жіберілген балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірді. Содан кейін арнайы тексеру жүргізіліп, жетім балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтар үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құру ұсынылды. Алайда осы тергеудің нәтижелері мен шешім қабылдау барысы бізге беймәлім. Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта, Аргентина сияқты елдер асырап алынған 120 бала бақылауға алынған ба? Бірыңғай ақпараттық жүйе құрылды ма?", - деді Дархан Қыдырәлі өз депутаттық сауалында.
Шетел азаматтары асырап алған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан 2010 жылы "Балаларды қорғау және шетелдіктердің бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны" ратификациялады.
Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган болып табылатын Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, конвенцияға қол қойылғаннан бері шетел азаматтары 158 қазақстандық баланы асырап алған.
Оның ішінде 2013-2019 жылдары 157 бала шетелге кетсе, соңғы 4 жылда 1 бала асырап алынған.
Малыш на плечах у взрослого, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2024
Шетелдіктер асырап алған жүздеген бала туралы ақпарат жоқ – сенаторлар дабыл қақты
Жаңалықтар
0