Қарағандыда емхана деструктивті діни ағым өкілдеріне жалған анықтама беріп отырған

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области архив

архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2024
Жазылу
Медициналық ұйымның заңсыз қызметі азаматтарымыздың қоғамдық денсаулығына қауіп төндірген
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы прокуратурасының тапсырмасы бойынша жеке медициналық ұйымның қызметі тексерілді.
Еңбек мигранттарына жұмысқа орналасу үшін 075/Е нысанындағы 700-ден астам жалған медициналық анықтама беру фактісі анықталды.
Жекелеген жағдайларда жалған анықтама деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдарға берілген, соңғылар кейіннен анықталып, ел аумағынан шығарылды.
Айта кету керек, медициналық орталықта медициналық тексеруден өтуді растайтын құжаттама, сондай-ақ оны жүргізуге қажетті жағдай болмаған.
Медициналық ұйымның заңсыз қызметі азаматтарымыздың қоғамдық денсаулығына қауіп төндірген.
Қарағанды облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті медициналық ұйымның кінәлі тұлғаларына қатысты әкімшілік шаралар қабылдады, ұйымның қызметін тоқтата тұру туралы нұсқама енгізілді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары қылмыстық іс тіркеді.
Тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0