Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей арнайы әскери операция мақсаттарынан бас тартпайды – РФ сыртқы барлау қызметі

© Photo : Сайт минобороны РФОгнеметные подразделения ЗВО. Тренировка
Огнеметные подразделения ЗВО. Тренировка - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2024
Жазылу
Батыстағылар Ресейге ықпал ету үмітімен өздерінің жоғары әскери қабілетін, мобилизациялауға дайындығын баса айтып жатыр
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Батыс "Ресейдің НАТО-ға шабуыл жасау жоспары" туралы айтып, Мәскеуді арнайы операцияның мақсаттарынан бас тартуға мәжбүрлеуге тырысуда, бірақ бұл болмайды, деді РИА Новостиге берген сұхбатында РФ Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин.
Барлау қызметінің басшысы айтқандай, Батыс Ресейге қарсы қазіргі гибридті агрессиясын ақтау және оны НАТО-мен тікелей қарулы қақтығыс ықтималдығымен қорқыту үшін мұндай мәлімдемелер арқылы ақпараттық соғыс жүргізіп отыр.
"Батыстағылар Ресейге ықпал ету үмітімен өздерінің жоғары әскери қабілетін, мобилизациялауға дайындығын баса айтып жатыр. Олар осылайша Ресей арнайы әскери операцияның жоспарлары мен мақсаттарынан бас тартады деп ойлайды. Бірақ Ресей де, Ресей басшылығы да өз мақсаттарынан бас тартпайды", - деді Нарышкин.
Қазан айының басында НАТО әскери комитетінің басшысы Роб Бауер Солтүстік Атлантикалық альянс 2024 жылы Steadfast Defender оқу-жаттығуларында Ресейдің шығыс қапталындағы "басқыншылығына" қарсы әрекетті пысықтайтынын айтты.
Қаңтар айында Bild таблоид газеті Бундесвердің "құпия құжатына" сілтеме жасап, НАТО-ның шығыс қапталына Мәскеудің ықтимал шабуылының "жоспарын" жариялады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мақалаға жауап ретінде бұл басылым соңғы уақытта негізсіз мәліметтерді жариялауға әдеттенгенін айтты.
Жалпы соңғы жылдары Ресей НАТО-ның батыс шекараларда тым белсенді екенін мәлімдеді. Альянс бастамаларды кеңейтіп, оны "ресейлік агрессияны тежеу" деп атады. Мәскеу Еуропадағы әскери блок күштерінің шоғырлануына қатысты бірнеше рет алаңдаушылық білдірді. Кремльдегілер Ресейдің ешкімге қауіп төндірмейтінін, бірақ өз мүдделеріне ықтимал қауіпті әрекеттерді де назардан тыс қалдырмайтынын айтты.
Жаңалықтар
0