Елорда тынысы

"Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2024
Жазылу
Бағдарламаға мемлекеттік мекемелердің де, жекеменшік ұйымдардың да қызметкерлері қатыса алады
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Биыл 1-6 ақпан аралығында Астанада "Елорда жастары" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Өтінім қабылдау 1 ақпан сағат 09.00-ден бастап 6 ақпан сағат 23.59-ға дейін электронды түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүргізіледі.
Бағдарлама "Отбасы банк" АҚ арқылы елордадағы жаңа және қолданыстағы тұрғын үйлер нарығынан пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Банк барлығы 80 несие береді.
Бағдарламаның шарттары:
қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңге;
бастапқы жарна – 10%;
қарыз бойынша мөлшерлеме –жылдық 5%;
несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін.
Жалпы талаптар:
өтінім беретін қатысушы 35 жасқа толмаған болуы керек;
соңғы 1 жылда Астанада тұрақты түрде мекенжайға тіркелген болуы керек;
бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан аумағы бойынша соңғы бесжыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығымен тұрғын үйдің болмауы;
өтініш беру кезінде қатысушының таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі соңғы бір жылдан кем емес;
Отбасы банктегі депозиттік шотында кем дегенде 1,8 млн теңге жиналған болуы;
отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 айда еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 6 еселенген шамасына дейінгі кірісінің болуы (260 442 теңге).
Бағдрламаға Астана қаласының мемлекеттік мекемелерінің де, жекеменшік ұйымдарының да қызметкерлері қатыса алады. Нақты қандай қызмет салалары кіретінін және қажетті құжаттар тізімін әкімдік сайтынан толығырақ білуге болады.
Жаңалықтар
0