Былтыр 3,3 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді

© Sputnik/Ертай СарбасовЗейнеткерлер. Архивтегі фото
Зейнеткерлер. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2024
Жазылу
1 қаңтардан бастап жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 744 теңге болды
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 2023 жылы 2,3 млн адамға 3,3 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы 10,5%-ке өсті. Сондай-ақ ең төмен күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері ұлғайды.
"Биыл 1 қаңтардан бастап жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 744 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 82 868 теңге, базалық зейнетақы – 37 876 теңге. Қазіргі күні Қазақстанда барлығы 2 млн 344 мың зейнеткер бар", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
"2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес ынтымақты зейнетақы мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 %-ға өсті.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, әрбір алушыға жеке тағайындалады.
Жаңалықтар
0