Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Словакия премьері Еуроодақ қаржысы қару алуға жұмсалмауға тиіс екенін айтты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Словакия Украинаны қолдау мақсатында құрылған Еуропалық бейбітшілік қорына қарудан басқа кез келген көмек үшін қаражат аударуға дайын, деп хабарлады республика премьер-министрі Роберт Фицо.
"Олар бейбітшілік қоры екенін ескермей, қару-жарақ туралы айтып отыр. Егер біз қатысатын болсақ, онда Словакия позициясы анық: бәрін алсын, бірақ қаруға қатысты нәрсе болмау керек. Біз миналарды тазарта аламыз, басқа жолмен көмектесе аламыз, бірақ өлімге әкелетін құралға қарсымыз", - деді Фицо Брюссельдегі Еуропалық Одақ саммитінен кейін.
РИА Новостидің мәліметінше, ол Словакияның Украинаны одан әрі қаруландыруға мүдделі емес екенін атап өтті.
"Мен Украинадағы қақтығыс әскери жолмен шешілетініне сенбеймін", - деп толықтырды Словакия премьер-министрі.
Президент Украины Владимир Зеленский выступает на саммите Европейского союза в Брюссел - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Украинаға көмек беру келісімінен кейін Еуропалық одаққа талап қойды
Жаңалықтар
0