Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасы ұсынылды

© Sputnik / Владислав ВодневОлжас Бектенов
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
Мемлекет басшысына "Amanat" партиясының атынан премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Amanat фракциясы Қазақстан премьер-министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлады Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламент мәжілісінің және "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды", - делінген хабарламада.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Бектенов туралы не білеміз

Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын үздік бітірген, мамандығы "заңгер". 2014 жылы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.
2002-2005 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы.
2005-2006 жылдары ҚР Премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2006-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.
2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.
2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі.
2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
2019-2022 жылдары - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылдың 25 ақпанынан 2023 жылдың 3 сәуіріне дейін - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы.
2023 жылдың 3 сәуірінен бастап президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Жаңалықтар
0