"Ертіс орманы" басшысы пара алды деген күдікке ілінді

© Sputnik / Абзал КалиевЗаседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года
Заседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
Тергеу сотының санкциясымен резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Ертіс Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының басшысын ұстады, деп хабарлады Антикор.
"Ол кәсіпкерлерге іскерлік орманды заңсыз кескені және сатқаны үшін пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Сонымен қатар резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің карточкалық шоттарына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған.
Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді. Тергеу жалғасуда.
Жаңалықтар
0