"Бұндайды доғару керек": Тоқаев үкіметтегі бюрократияны тоқтатуды талап етті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Жазылу
Президенттің пікірінше мемлекеттік органдар арасында өзара келісу мен талқылау жұмысы аяқталғанша кез келген бастаманың негізгі мән-маңызы да өзгеріп кетеді
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтегі бюрократияның президент тапсырмасын басқа жаққа қалай бұрып жіберетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент алдағы міндеттерді орындау үшін үкіметке де, әкімдіктерге де тиісті құзірет берілгенін ерекше атап өтті.
"Алайда бұл мүмкіндіктер көп жағдайда дұрыс қолданылмай жатады. Соның кесірінен реформаларды жүзеге асыру қарқыны бәсеңдеп кетті. Бұндайды доғару керек. Мемлекеттік органдар арасында өзара келісу мен талқылау жұмысы аяқталғанша кез келген бастаманың негізгі мән-маңызы да өзгеріп кетеді. Бюрокартияны тоқтату қажет. Бізге нақты нәтиже қажет", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болуы қажет. Мәселені жедел шешумен қатар, экономиканың ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету өте маңызды.
"Қазіргі жағдайда экономикамыздың мейлінше еркін дамуына мән беруіміз қажет. Елімізді дамудың жаңа белесіне шығарамыз десек, бұл жұмысты жедел және дәйекті түрде жүргізген жөн", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Жаңалықтар
0