Елімізде танымал лотерея дүңгіршектерінің жұмысы тоқтатылды

© Sputnik / Екатерина Лызлова / Медиабанкке өтуИгровые автоматы
Игровые автоматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Жазылу
Министрлік азаматтарды заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды және қырағы болуды ескертті
АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. Республика бойынша Lotomatic терминалдары мен киоскілері арқылы электронды лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Туризм және спорт министрлігі былтыр мамыр және қараша айларында лотерея операторы – "Сәтті Жұлдыз" АҚ-ға лотерея клубтарының жұмысын және электронды лездік лотереяны ұйымдастыруды жетілдіру туралы ұсынымдар жолдады.
"Министрліктің 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика аумағында Lotomatic терминалдары/киоскілері арқылы электронды лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылды. Алайда кейбір жерлерде Lotomatic "сары-көк" ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс істеуі мүмкін", - деп жазды ведомство.
Министрлік азаматтарды заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды және қырағы болуды ескертті.
"Сондай-ақ заңсыз жұмыс істеп тұрған Lotomatic киоскілері немесе лотерея терминалдарын байқасаңыз министрліктің Telegram хабарлауды сұраймыз. Әрбір өтініш лотерея операторы мен құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып мұқият қаралады. Құқық бұзушылар жауапқа тартылады", - дейді министрлік.
Жаңалықтар
0