Отандық өндірушілердің өнімдерін кеңінен қолдану керек – премьер-министр

© сайт АО "Казакстан кагазы""Қазақстан қағазы" зауыты
Қазақстан қағазы зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов өнеркәсіптік дамуға жаңа серпін беру үшін бірінші вице-премьер Роман Склярға 10 күн ішінде барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорны иелерімен, бірінші кезекте өндіруші салалардағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізуді тапсырды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Олар жақын арада жаңа жоғары дәрежеде өңдеу өндірістерін құрудың нақты жоспарларын ұсынуы керек", — деді Олжас Бектенов.
Бұл ретте премьер-министр отандық өнеркәсіп саласындағы алпауыт кәсіпорындар қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды түбегейлі арттыруы тиіс екенін атап өтті. Олармен тиісті келісімдер жасалмақ.
Құрылыс саласының түйткілді мәселелерін талқылай отырып, Премьер-министр отандық өндірушілердің өнімдерін кеңінен қолданудың маңыздылығын атап өтті.
"Барлық сметалық құжатқа қазақстандық құрылыс материалдары мен басқа да заттар енгізілуі тиіс. Сондай-ақ сметалық құжаттамаларға материалдар мен жұмыстардың құнын орынсыз жоғарылатып жіберуге қатысты тексеру жүргізіңіздер. Сметалардың құны көтеріліп кететіні баршаға мәлім. Бұл мәселеде де тәртіп орнату керек", — деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ үкімет басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындарды энергиямен сенімді түрде қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Президенттің тапсырмасы бойынша биыл 700 МВт-тан астам қосымша генерацияны іске қосу қажет. Олжас Бектенов тапсырма орындалмаған жағдайда тиісті қорытындылар жасалатынын атап өтті.
Премьер-пинистр жауапты министрлікке экономика салаларында суды ұтымды тұтыну жөніндегі шаралар кешенін дайындауды, сондай-ақ су пайдалану мәдениетін енгізу жөніндегі жұмыстарды пысықтауды тапсырды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға қатысты үкімет басшысы бір ай мерзімде жеке инвестициялар тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді талап етті.
"Ұсыныстар – бұл жалпылама көзқарастарды ғана емес, әлеуетті инвесторлары мен іске асыру мерзімдері бар нақты жобаларды білдіреді", — деп атап өтті премьер-министр.
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
10 күн ішінде бюджетке тексеріс жүргізіледі: Бектенов салық кодексін қайта жазуды тапсырды
Жаңалықтар
0