Прокурорлар көлік жуу мен моншаларды тексеруге кірісті

© Sputnik / Михаил Безносов / Медиабанкке өтуАвтомойка
Автомойка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2024
Жазылу
Кәсіпкерлер жер асты суларын заңсыз пайдаланған
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында су пайдалануға арнайы рұқсаты болмаған 300-ден астам коммерциялық нысан анықталды. Соның ішінде көлік жуу, моншалар мен бассейндер бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Кәсіпкерлер жер асты суларын заңсыз пайдаланған. Соның салдарынан жыл сайын облыс бюджетіне пайдалы қазбаларды өндіргені үшін миллиондаған салық түспей қалды. Ал кейбір көлік жуу орындары ауыз суды да рұқсатыз пайдаланды.
"Су көлемінің жыл сайын өсіп келе жатқан тапшылығы және мемлекеттің су тұтынудың тиімділігін арттыру бойынша жүргізіп жатқан саясаты аясында өмірлік маңызды тіршілік көзіне немқұрайлы және жауапсыздықпен қарауға жол берілмейді", - дейді прокурорлар.
Облыстағы заң бұзушылықтары прокурорлардың бастамасымен сараптамалық кеңесте қаралды. Оған "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, уәкілетті органдар және су саласының сарапшылары қатысты.
Қазіргі кезде бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолға алынды.
Айта кетері, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ауыз сумен бау-бақшаны суаруға және көлік жууға жол бермеу қажеттігін айтқан. Ал су ресурстары және ирригация министрлігі көлік жууға кететін ауыз судың көлемін есептеп шығарды.
Жаңалықтар
0