Ауғанстанда канал салынса Арал теңізіне қалай әсер етеді

© Sputnik / Медиабанкке өтуАрал теңізінің жағасы
Арал теңізінің жағасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.02.2024
Жазылу
Талибан* су ресурстары мен трансшекаралық өзендер бойынша қолданыстағы халықаралық келісімдердің ешқайсысына қатыспайды, алайда егер Ауған аграршылары Әмудариядан су алатын болса, бұл Қазақстанға да әсер етеді
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. Ауғанстандағы Куш-Тепа каналы құрылысының Қазақстанға ерекше әсері жоқ, деп мәлімдеді су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.
"Қазақстан аумағы арқылы Әмудария ағып жатқан жоқ, бірақ ол Арал теңізіне құяды. Алайда, өкінішке орай, 2009 жылдан бастап Әмудария Арал теңізіне құймайды", - деді ол.
Бекниязовтың айтуынша, қазір Арал республика аумағы арқылы өтетін Сырдария суымен ғана қоректенеді.
"Сондықтан егер Әмудария бойынша Ауғанстан тарапынан су іріктеу жүргізілсе, біз үшін, Қазақстан үшін ерекше әсері болмайды", - деді вице-министр сенаттағы брифингте.
Соған қарамастан, егер Арал теңізі бассейнінен су алынып жатса, Ауғанстан Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендер бойынша келісу және келісімге келу бойынша қандай да бір іс-шаралар жүргізуге тиіс, деп есептейді Бекнияз.
"Оларды су жөніндегі халықаралық ынтымақтастыққа тарту керек. Негізі Әмударияның Қазақстанның суармалы алқаптарының жай-күйіне тікелей физикалық әсері жоқ", - деп жалғастырды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстанда Әмудариядан су бұратын Куш-Тепа каналы салынып жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін Түркіменстан мен Өзбекстанның сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші 80%-тен 65%-ке дейін азаяды.
Тиісінше, көршілес Өзбекстан Аралды қоректендіретін жалғыз су артериясы - Сырдариядан ауыл шаруашылығы үшін су алуды ұлғайтады, бұл тек теңіздің жандануына ғана емес, сонымен қатар оңтүстік өңірлердегі суармалы жерлердің жай-күйіне де әсер етеді.
2023 жылдың қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының президенті болып сайланды және төрағалық үш жылға Қазақстанға өтті.
* Қозғалыс лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкциясына іліккен.
Жаңалықтар
0