"Қазарнаулыэкспорттың" басшысы ұсталды

© AP Photo / J Pat CarterАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.02.2024
Жазылу
Ол мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры ұсталғанын хабарлады.
"2024 жылғы 23 ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен "Қазарнаулыэкспорт" РМК бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов ұсталды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, былтыр 1 млрд теңге жымқырды деген күдікпен "Қазарнаулыэкспорт" мекемесінің басшылары ұсталған болатын.
"Қазарнаулыэкспортты" Қазақстан Республикасының үкіметі құрған. Кәсіпорын ҚР Қарулы күштерін, басқа да әскер мен әскери құралымдарды қару-жарақ және әскери техникамен қамтамасыз ету және әскери мүлік импорты мен экспорты бағытында жұмыс істейді.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2023
1 млрд теңге жымқырды деген күдікпен "Қазарнаулыэкспорт" мекемесінің басшылары ұсталды
Жаңалықтар
0