https://sputnik.kz/20240229/toqaev-golovkinge-olimpiadada-eleuli-natizhege-qol-zhetkizetin-tiimdi-zhuye-qurudy-tapsyrdy-42594880.html
Тоқаев Головкинге Олимпиадада елеулі нәтижеге қол жеткізетін тиімді жүйе құруды тапсырды
Тоқаев Головкинге Олимпиадада елеулі нәтижеге қол жеткізетін тиімді жүйе құруды тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады. 29.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-29T17:28+0500
2024-02-29T17:28+0500
2024-02-29T17:28+0500
қасым-жомарт тоқаев
геннадий головкин
https://sputnik.kz/img/07e8/02/1d/42593503_223:0:1174:535_1920x0_80_0_0_544bfae9cc031777024402812fe15ca0.jpg
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады.Кездесуде мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің алдағы жұмысының басым бағыттарына назар аударды. Қазақстан президенті, ең алдымен, Халықаралық олимпиада комитеті аясындағы сенімді және тиімді қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрамалардағы спортшылардың алдағы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына даярлығына қатысты зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сонымен қатар лицензиялар санын көбейту және Париж Олимпиадасында елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жүйе құру маңызды міндет екеніне тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, өз әлеуетін таныту үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай жасап, отандық спорттың өркендеуіне кері әсер ететін жағымсыз құбылыстарды жою қажет. Сондай-ақ ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу әділ жүргізілуі керек. Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің кәсібилігі мен мол тәжірибесі еліміздегі олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелерін тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/1d/42593503_126:0:839:535_1920x0_80_0_0_139bb040aa9b7a1be3c9acbe5d280961.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, геннадий головкин
қасым-жомарт тоқаев, геннадий головкин
Тоқаев Головкинге Олимпиадада елеулі нәтижеге қол жеткізетін тиімді жүйе құруды тапсырды
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады.
Кездесуде мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің алдағы жұмысының басым бағыттарына назар аударды. Қазақстан президенті, ең алдымен, Халықаралық олимпиада комитеті аясындағы сенімді және тиімді қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрамалардағы спортшылардың алдағы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына даярлығына қатысты зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сонымен қатар лицензиялар санын көбейту және Париж Олимпиадасында елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жүйе құру маңызды міндет екеніне тоқталды.
Мемлекет басшысының айтуынша, өз әлеуетін таныту үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай жасап, отандық спорттың өркендеуіне кері әсер ететін жағымсыз құбылыстарды жою қажет. Сондай-ақ ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу әділ жүргізілуі керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің кәсібилігі мен мол тәжірибесі еліміздегі олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелерін тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.