"20 теңгеден де алмай жатыр": диқандардың мыңдаған тонна пиязы шіріп кеткелі тұр

Жазылу
Шаруалар пиязды былтырғыдан 10 есе көп еккен
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Spunik. Алматы облысы мен Жамбыл облыстарында шаруалардың 115 мың тонна пиязы өтпей жатыр. Пияз егіп нәпақа табамыз деп, шығынға батқан тұрғындардың базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Алматы облысындағы Шеңгелді ауылының тұрғындары 15 мың тонна пиязын өткізе алмай жүр. Қоймасы барлар әупірімдеп өнімін сол жерде сақтаса, шаруалардың енді бірінің тонналаған пиязы есігінің алдында жабу астында жатыр.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы және Жамбыл облыстарында мыңдаған тонна пияз өтпей тұр
Алматы және Жамбыл облыстарында мыңдаған тонна пияз өтпей тұр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Алматы және Жамбыл облыстарында мыңдаған тонна пияз өтпей тұр
"Былтыр пияздың қабы 10 мың теңгеден болды. Елдің бәрі жаппай пияз егіп кетті. Қазақстандық шаруалар былтыр пиязды Ауғанстан, Пәкістанға тасыды, нәтижесінде баға қатты қымбаттады. Соған үміттенген қазақстандық диқандар пиязды 10 есе көп екті. Бірақ экспорт болмай қалды. Салдарынан шығынға батты", - дейді пияз еккен шаруа Аманғали Игісінов.
Аманғали 10 жылдан бері пиязбен айналысып келеді. Айтуынша, он жылда бәсекелестік артқан.
"Қордай жақтың пиязы қаптап кетті. Ол жақтың бір жақсысы шетелге жақын, логистика қасында, пиязын жақсы бағаға өткізуге мүмкіндіктері бар", - дейді шеңгелділік диқан.
Қазіргі күні шаруалар пиязын тіпті 20 теңгеге де өткізе алмай отыр.
"Пияз егу барған сайын қиындап барады. Менде 500 тонна пияз тұр. Тіпті килограмын 20 теңгеден сатайын десем сатып алушы жоқ. Экспорт болмай қалды. Шығынымды есептесем көңіл-күйім мүлдем бұзылады", - дейді Аманғали Игісінов.
Молынан пайдаға кенелеміз деп, еңбегі зая кеткен шаруалар сан соғып қалған. Былтыр өнімді қымбатқа өткізген олар биылғы нарықты місе тұтпай, пиязды қымбатқа сатып алатындар кездесіп қалар деген үмітпен уақытын өткізіп алған. Ал Қонаев қаласының әкімдігі шаруалардың мәселесін шешу үшін сауда орындары қарастырылғанын айтады.
"Былтыр 2000 гектарға жуық жерге пияз егілген. Өтпеуінің себебі –пияз кеш жиналып, экспортқа шығатын тауар айналымының азаюы. Мемлекет тарапынан Алтын орда базарынан пияз сату үшін орындар қарастырылған", - дейді қалалық әкімдік.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы және Жамбыл облыстарында мыңдаған тонна пияз өтпей тұр
Алматы және Жамбыл облыстарында мыңдаған тонна пияз өтпей тұр  - Sputnik Қазақстан
1/3
Алматы және Жамбыл облыстарында мыңдаған тонна пияз өтпей тұр
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы және Жамбыл облыстарында мыңдаған тонна пияз өтпей тұр
Алматы және Жамбыл облыстарында мыңдаған тонна пияз өтпей тұр  - Sputnik Қазақстан
2/3

3/3

Ал Қордай ауданында шаруалардың 100 мың тонна пиязы сатылмай, ысырап болудың алдында тұр.
"Пияздың ең үлкен қоймалары Сортөбе мен Масаншы ауылдарында орналасқан. Шаруалармен күнделікті сөйлесіп хабарласып отырмыз. Олар күн жылынғанғандықтан өнім бұзылып кете ме деп қорқып отыр. Қазіргі күні сұрыпталмаған пиязды 20-25 теңгеден сатып жатыр", - дейді Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалымжан Оспанов.
Қордайлық шаруалар 2021-2022 жылдары пиязын Ресейге шығарып жүрген. Ол кезде тіпті арзан пияздың бағасы 85 теңгеден пұлданған. Биыл ресейлік сатып алушылар келмеген. Қордай шаруалары 2022 жылы 3763 га жерге пияз еккен, ал 2023 жылы 2118 га жерге егілген. Шаруалар былтыр 1000 гектарға аз ексе де пиязын өткізе алмаған.
Жаңалықтар
0