Ерлан Қожағапановтың не үшін ұсталғаны белгілі болды

© Photo : Официальный аккаунт ФФК в Facebook Ерлан Кожагапанов
Ерлан Кожагапанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Жазылу
Қожағапановтың өзі сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды
АСТАНА, 6 наурыз - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы вице-министрдің не үшін ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
1 наурызда мәдениет және спорт экс-вице-министрі Ерлан Қожағапанов ауыр жемқорлық кылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.

“Ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV Өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. Бұл ретте форумды өткізу үшін смета екі есеге өсті, соның салдарынан бюджет қаражаты негізсіз жұмсалды”, - деді агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов бүгінгі брифингте.

Қазіргі кезде қылмыстық жолмен келген ақшаға сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынды. Қожағапановтың өзі сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.
Жаңалықтар
0