Путин әлемдегі басты әділетсіздік туралы айтты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өту Владимир Путин
 Владимир Путин   - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Әлемде барлығына бірдей жағдай жасалмаған және бұл қазіргі әлемдік тәртіптің басты әділетсіздігі, деді Ресей президенті Владимир Путин.
"Біз тең болып дүниеге келеміз, бірақ тең жағдайда өсеміз бе, дамимыз ба? Өкінішке қарай, жоқ. Әлемде барлығына бірдей жағдай жасалмаған. Бұл бүгінгі әлемдік тәртіптің, бүгінгі әлемнің басты әділетсіздігі", - деді Путин Бүкіләлемдік жастар фестивалінің жабылу салтанатында.
Ол сондай-ақ әділ әлемдік тәртіпке ұмтылу әлемді ашық, демократиялық, тұрақты, теңгерімді және қауіпсіз ететінін айтты.
Бүкіләлемдік жастар фестивалі Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен 1-7 наурыз аралығында Сириус федералды аумағында өтеді. Бизнес, БАҚ, халықаралық ынтымақтастық, мәдениет, ғылым, білім, волонтерлік, қайырымдылық және спорт саласындағы жас көшбасшылар арасында қазақстандық жастар да бар.
Бүкіләлемдік жастар фестивалі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Путин: кез келген елдің жастары үшін Ресей есігі ашық
Жаңалықтар
0