Өңірлер

Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолды су басты

© Sputnik / Елена БережнаяАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2024
Жазылу
Ауа температурасы жоғарылап, қар жылдам ери бастаған
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар А-26 "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" жолын су басты, деп хабарлайды QazAvtoJol компаниясы.
Бүгін кешкі сағат 17.00-де жолдың 194 шақырымында еріген қардың суы жиектегі бөгетті шайып, жолға шығып кетті. Облыста күн жылынып, қар жылдам ери бастаған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жолды басқан судың ені – 20 метр, биіктігі – 3-5 см шамасында.
"Аталған учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ. Еріген қар суын тоқтату үшін ДЭУ-13 күші жұмылдырылды", - делінген ресми хабарламада.
Ол жерге 10 жұмысшы, бір жүк көлігі мен жүк тиегіш жіберілді. Сондай-ақ 100 қап құм жеткізілді.
Мұз жару жұмыстары. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2024
Су тасқыны қаупі: Батыс Қазақстандағы өзендерде мұзды жарып жатыр
Жаңалықтар
0