Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киевтің одақтастары Украинаға снаряд сатып алу үшін қаражат жинады

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуСнаряд, архивтегі фото
Снаряд, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Киевтің одақтастары Чехияның Украинаға оқ-дәрі сатып алу бастамасы аясында 300 мың снаряд сатып алуға қаражат жинады, деп хабарлады Чехияның премьер-министрі Петр Фиала Х әлеуметтік желісінде.

"Әзірше 300 мың артиллериялық снарядтың бірінші партиясын сатып алуға жеткілікті қаражат жинадық", - деп жазды ол.

Алайда Фиала нақты жиналған соманы атамады. Оның айтуынша, Киевтің одақтастары Украинаны оқ-дәрімен қамтамасыз ететін серіктестер іздеуді жалғастыруда.
Бейсенбі күні Чехия президенті Петр Павел Чехияның Украина үшін үшінші елдерден 800 мың снаряд сатып алу жоспарын қолдауға ақша толығымен жиналғанын хабарлады. Бұл ретте Павел жекелеген мемлекеттердің қанша сома бергенін атамады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға Батыстан қару-жарақ жөнелту Ресей-Украина келіссөзінің өтуіне кері әсер ететінін айтты.
Ресей бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізуге байланысты нота жолдаған болатын.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Лавров сондай-ақ АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа "тек қару-жарақ жеткізу арқылы емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдердің аумағында кадр даярлау арқылы" тікелей араласып жатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0